Өңірлер

2016 жылы Шалқар ауданы жергілікті көкөніс өндірісі көлемін арттырады

2016 жылы Шалқар ауданы жергілікті көкөніс өндірісі көлемін арттырады. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында Шалқар ауданының әкімі Ербол Данағұлов хабарлады.
Ақтөбе29 Наурыз , 17:56

Оның айтуына қарағанда, 2015 жылы Шалқар ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 9,7 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте ет және сүт өндірісі, сәйкесінше, 9 және 12,5 мың тоннаға артты. 60 тоннадан астам ет Ресейге экспортқа шығарылды.

2016 жылы да мал шаруашылығы секторы оң динамика көрсетеді деп күтілуде. Оған былтыр ауданда мал басы санының артуы себеп болып отыр. Мәселен, ірі қара мал басы саны 4,6 %-ға немесе 31,4 мыңға артты, жылқы 11,9% пайыз немесе 20 мың басқа, түйе саны 2,7% немесе 10,5 мыңға көбейді, ұсақ мал 0,1% немесе 89,7 мың басқа артты. Мұндай нәтижеге салалық «Алтын асық», «Сыбаға» және «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары аясында қол жеткізіліп отыр, сонымен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мал сатып алынуда.

Қазіргі таңда Шалқар ауданы жергілікті халықты сүт өнімдерімен толықтай қамтамасыз етіп отыр, ал ет өнімдері тұтыну мөлшерінен екі есе артығымен өндіріледі. Климаттық ерекшелігіне байланысты көкөніс өсіру қиынға соғады. Бақша өнімдерінің 75 пайызы өзге аудандардан жеткізіледі. Жергілікті билік жылыжай салып, суармалы жер алқабын көбейту есебінен жергілікті көкөніс өсіруді көбейтпек ниетте.

“Биыл Шалқар ауданының орталығында қияр мен қызанақ өсіретін екі жылыжай құрылысы қолға алынады. Өндіріс қуаттылығы жылына 12 тонна. Сонымен бірге, суармалы жер көлемін 151 гектардан 340 гектарға арттыру жоспарланып отыр. 2016 жылы аудан жергілікті көкөніс үлесін 45-48 пайызға жеткіземіз”, - деп атап өтті Ербол Даңағұлов.

Аудан әкімі атап өткендей, жалпы құны 25 миллион теңге болатын екі жылыжай құрылысы инвестициялық жоба болып есептеледі. Жалпы алғанда 2015 жылы Шалқар ауданының негізгі капиталы 27,2 млрд.теңгеден асты. Бұл қаржының айтарлықтай бөлігі теміржол инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Инвестициялар есебінен ауданда 20 кәсіпкерлік нысаны қолданысқа берілді.




Яндекс.Метрика