Жастарға үндеу

Президент Жолдауында жастар еңбек етіп, өмір сүруі тиіс барлық маңызды сәттер көрсетілді – жастар мәслихатының депутаты

Президенттің «Қазақстан: 2050 стратегиясы» Жолдауында жастар еңбек етіп, өмір сүруі тиіс барлық маңызды сәттер нақты көрсетілді. Бұл туралы Республикалық кекушинкай каратэ қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, жастар мәслихатының депутаты strategy2050.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан17 Желтоксан , 00:00

«Менің жаппай спортты дамыту туралы мақсат-міндеттерімді біздің Президентіміз өз Жолдауында тағы бір рет атап өтті және бұл мені осы бағыттағы жұмыстарымды одан әрі жалғастыруда ынталандыра түседі. Облыс бойынша менің қарамағымда 150-ден астам оқушы, 12 жаттықтырушы және кекушинкай каратэмен шұғылданатын 800 спортшы бар. 12 спортшымыз ҚР ұлттық құрамасына кіреді. Біздің ұйымның қатарында Еуразия, Республикалық жарыстардың чемпиондары, Әлемдік және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері жаттығады», - деді Витченко. 

«Екі жылдан бері «СҚО жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келемін. Сондықтан жастардың проблемасын бүге-шігесіне дейін білемін. Ұлт көшбасшысының жастар проблемасын дамыту бойынша нақты бағдар жасауы мені қатты қуантты. Стратегияда қазақстандықтардың жаңа буыны еңбек етіп, өмір сүруі тиіс барлық маңызды сәттері көрсетілді. Жастар білімді әрі бәсекеге қабілетті болуы тиіс», - деді жас депутат.




Дерекнама

Яндекс.Метрика