Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Мемлекеттік комиссия қазақстандық «KazEOSat-2» жер серігін қабылдау жұмысын жүргізіп жатыр

Дәл қазіргі уақытта Мемлекеттік комиссия жерді қашықтықтан зондтайтын космостық жүйені қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазкосмос.
Казахстан29 Наурыз , 15:21

Мемлекеттік комиссия құрамында ҚР ИДМ Аэрокосмостық комитеті, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті және тағы басқа да ұйымдар бар.

Қазақстандық «KazEOSat-2» ЖҚЗ жер серігін француздық «ADS» компаниясының бас қосалқы мердігері болып табылатын британдық «SSTL» компаниясы құрды.

Отырыс барысында Мемлекеттік комиссия жерді қашықтықтан зондтайтын жер серігінің Қазақстанның экономика саласында атқаратын жұмысы мен қолдану мүмкіндігін меңгерді.

««KazEOSat-2» жер серігін пайдалануға қабылдағанға дейінгі үш айда штаттық режимде жұмыс істейтін болады»,- деп баяндады комиссия мүшелеріне «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ы президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ы мамандары комиссия мүшелеріне жер серігінің қалай жұмыс істеп, қандай қызметтер көрсететіні туралы айтып берді.

««Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ы мен «SSTL» компаниясының арасындағы келісімге сәйкес, штаттық эксплуатацияға берілгеннен кеінгі бір жылдың ішінде ағылшындық тарап кепілдік негізде спутниктен түсірілген  суретті сатып алады да, біздің жұмысты сәтті бастаумызға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті М.Нұрғожин.

Бірінші отырыстың қорытындысы бойынша, Мемлекеттік комиссия тексеріп қарау хаттамасына қол қойды. 




Яндекс.Метрика