Басқару

Қазақстандықтар мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін емтихансыз айырбастай алады – ҚР ІІМ

Бұл мәселе Парламент Мәжілісінде түзетуде жатыр және бұл тезутуден кейін бір жыл ішінде мерзімі өткен жүргізу куәлігін емтихансыз ауыстыра алады, деп ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев ҚР ІІМ баспасөз-конференциясында айтты. Баспасөз-конференциясы iшкi iстер органдарының модернизациясына арналған.
Астана қаласы 29 Наурыз, 12:43

«Заң жобасы аясында Мәжілісте қарастырылуда жатқан жол жүру мәселесі бойынша, «Жол жүру ережесі туралы» Заңынан азаматтардың жүргізуші куәліктерінің мерзімі өткеннен кейін теориялық емтихан тапсыру нормаларын алып тастау қарастырылуда. Пайымдауымызша бір жыл ішінде мерзімі өткен жүргізу куәлігін емтихансыз ауыстыра алады»,-деді Е.Тұрғұмбаев.

«Егер азаматтың сол күні мерзімі өткен болса, онда оған тұрғылықты жері бойынша баруы керек. Ал егер ол, шетелде іссапарда болса, әрине, онда оған қайта тапсыру керек болады. Қазір бұл норманы алып тастаудамыз, яғни, бір жыл ішінде егер оның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтсе, ол емтихан тапсырмай-ақ, оны қайта алмастыра алады»,-деді министр.

 





Яндекс.Метрика