«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Канада елшісі: «Нұрлы жол» - Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуды жеделдететін ұлттық жоба

« «Нұрлы жол» - бұл Қазақстанның инфроқұрылымын дамытуды жеделдететін ұлттық жоба. Бұл туралы Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі Шон Стайл Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 29 Наурыз, 12:24

««Нұрлы жол» - бұл Қазақстанның инфроқұрылымын дамытуды жеделдететін ұлттық жоба. Мұндай инфроқұрылымдық бағдарлама елдің ішкі аймақтарын біріктіреді. Бұл маған Канаданы еске түсіреді. Канада ел ретінде қалыптасқан уақытта адамдар барлық қалалар мен аймақтарды байланыстыратын темір жол құрылысын жүргізуді көтерген. Канада өте үлкен ел. Сол жоба Канада үшін өте керемет жоба болды. Дәл сондай жетістік «Нұрлы жол» бағдарламасын ә жүзеге асыру арқылы сіздерге де жететініне сенімдімін»,-деп мәлімдеді елші.

Ш. Стайл сонымен қатар, Канада мен Қазақстан тау-кен мен уран секторларын дамытуда үлкен жетістікке жетіп отыр, деп атап өтті.

«Бізде ауыл шаруашылығы, көліктік және жеңіл өнеркәсіп салаларында тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас бар. Білім саласын да атап өтпеуге болмайды. Қазақстанның қаншама студенті Канаданың жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Сондай-ақ, Атырау қаласында білім беретін техникалық орталық бар»,-деді ол.

Сонымен қатар, елші 2015 жылдың 30-шы қарашасындағы Мемлекет басшысының Жолдауындағы бүгінгі экономикалық ахуалға байланысты айтылған ұтымды шешімдердің өміршеңдігін де атап өтті.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика