Ұлт жоспары 100 нақты қадам

В.Порубаймех: 2017 жылдан бастап Қазақстанда ҮЕҰ Деректер базасы жұмысын бастайды

Ұлт жоспары «Бес институционалды реформаны іске асырудағы 100 нақты қадамды» орындау аясында 2015 жылы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін реттейтін заңнамаларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. 2015 жылдан бастап электронды деректер базасы жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілі Василий Порубаймех Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы29 Наурыз , 15:04

Тәжірибеге ҮЕҰ жаңа қаржыландыру формасы енгізілді, яғни грант формасы мен сыйлықақы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ҮЕҰ ынтымақтастық жөніндегі Үйлестіру кеңесі жаңа уәкілдіктер алды. Республикада үкіметтік емес ұйымдардың ашықтығы мен қоғамға қолжетімдігін хабарлау мақсатында 2016 жылы ҮЕҰ Декректер базасын жасауға кірісті.

ҮЕҰ Деректер базасына өз қызметін туралы ақпаратты ұсыну – бұл барлық коммерциялық емес ұйымдарға қойылған басты талап.

- Василий Валерьевич, ҮЕҰ Деректер базасы бойынша ҮЕҰ қандай талаптар қойылған және қандай құқықтық құжаттар тәртіп беруді регламенттейді және ҮЕҰ Деректер базасына деректер жинауы қалай болатындығын айтып өтсеніз?

- Коммерциялық емес ұйымдарға қойылатын талаптар өз қызметі туралы жария жасау, сонымен қатар өз мекемелері туралы, жылжымайтын мүлік, қалыптастыру көздері мен ақша жұмсау бағыттары құрылымы. Заңнаманы реформалау аясында 2015 жылы бұл заңның бөлек жағдайы анықталды. ҮЕҰ саласындағы бірнеше қабылданған шараларды сипаттайтын болсақ, келесідей жұмыстар атқарылды.

Біріншіден, 2015 жылы 2 желтоқсанда  №429-V соңында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҮЕҰ қызметі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу» ҚР заңы қабылданды.

Осы заңмен «Коммерциялық емес ұйымдар» мен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдарына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілді.

Көбінесе, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 41 Заңның тармағында 5 пункті қосылды. Ол жерде коммерциялық емес ұйымдар 31 наурызға дейін уәкілетті органға ҮЕҰ ынтымақтастық саласында өз қызметтері туралы ақпаратты ұсынады, сонымен қатар өз қатысушылары туралы, мүлік құрамы, жұмсалған ақша бағыттарын көрсетеді.

Екіншіден, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» жоғарыда аталған Заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы, гранттар мен марапаттары» деп аталды. Бұл заңда жаңа түсіністер пайда болды – ҮЕҰ Деректер базасы.

Сонымен қатар осы Заңда «Уәкiлеттi органның құзыретi» 4-1 тармағы қосылды және «ҮЕҰ Деректер базасы» 5-1 қосылды.

Үшіншіден, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне толықтырулар енгіздік.

-Қазіргі таңда қандай мемлекеттік орган  ҮЕҰ ынтымақтастық жасау салысында уәкілетті орган болады?

- Бұл қызметті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атқарады. Сонынмен қатар, әрине оның құрамына тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті кіреді.

- ҮЕҰ Деректер базасына беру тәртібі уәкілетті органдармен бекітіліндігін айтып өттініз. Біздің министрлік қандай құжатпен бұл тәртіпті бекітті?

-Үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің қызметі туралы ақпаратты беру туралы тәртіптері 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №405 Мәдениет және спорт министрлігінің Бұйрығымен бекітілді. Осыған сәйкес, ҮЕҰ жұмысты 2016 жылдан бастадық.

Алайда, ҮЕҰ  ынтымақтастық кезінде, қоғамдық заңгерлер мен біздің халықарлық серіктестермен 2016 жылы Тәртіптерге өзгерістер енгіздік.

Қорытындысында 19 ақпандағы №51-ші Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа бұйрығы қабылданды және бүгінгі күні ең маңызды құжат болып саналады.

-Уәкілетті органдарға ақпаратты қалай ұсыну керектігін айтып өтсеніз?

- 19 ақпандағы №51 Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы анықталды, ағымдағы 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдар өздері туралы ақпаратты  уәкілетті органға пошта немесе қолма-қол хат арқылы ұсынады.

Ақпарат 31 наурызға дейін ұсынылады. Осылайша, 2015 жылы ҮЕҰ 2015 жылдың ақпаратын ұсынуы тиіс.

Егер ақпарат пошта арқылы ұсынылған болса, онда оны міндетті түрде 31 наурызға дейін минситрлікке жіберу керек. Ақапарт бізге кешірек түсуі мүмкін. Ал егер, наурыз айында құжат конвертте штамппен жіберілсе, олар өз уақытында жіберілді деп есептелінеді.

2017 жылдан бастап Деректер базасы атты электронды портал өз жұмысын бастайды.

    - Қазақстан Республикасының заңнамасы коммерциялық емес ұйымдардың көптеген түрін анықтайды. ҮЕҰ заңнамасы саласына барлық коммерциялық емес ұйымдар кіреді ме, әлде ерекшеліктер бар ма?

-Дұрыс айтасыз, жаңа нормаларға кірмейтін барлық коммерциялық емес ұйымдар.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңының 41 тармағындағы 5 пунктінде ҮЕҰ Деректер базасына заңды тұлғалардың қандай түрлері ақпаратты ұсынуы қажет екендігі нақты айтылған.

-Шетелдік және халықаралық коммерциялық ұйымдар өкілдеріне заңнаманың талаптары дәл осылай болады ма?

- Ия, «Коммерциялық емес ұымдар туралы» ҚР Заңының 41 тармағы қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарға қойған талапты оларға да қойылады.

-ҮЕҰ Деректер базасына ақпаратты қалай беру туралы жазылған материалдар бар ма?

-Әрине бар. ҮЕҰ санынан біздің серіктестермен бірге және коммерциялық емес құқықтың Халықаралық орталығымен «Үкіметтік емес ұйымдардың және олардың деректер базасын қалыптастыру, оның қызметі туралы ақпаратты берудегі нұсқаулар» атты сипаттамалар жасадық.

Бұл сипаттамаларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан қарай аласыздар.

Сонымен қатар, ҮЕҰ саласы бойынша қозғалған мәселелер туралы мәдениет және спорт министрлігінің бұйрықтары да жариялынған.

- ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның өкілі ретінде, сіздің ойыңызша, Деректер базасы аясында Қазақстандағы ҮЕҰ саласының дамуына қаншалықты оң әсер етеді?

-Өз басым, ҮЕҰ жұмыстарының ашық және ақпараттық саласын кеңейту үшін жағдай жасауы өзінің оң әсерін міндетті түрде береді деп есептеймін.

Уәкілетті орган ретінде, ҮЕҰ ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Біздің осы жылғы негізгі тапсырмамыз – Деректер базасын толтыру.

Менің ойымша, ҮЕҰ Деректер базасы ұйым-донорларына және мемлекеттік органдарға ҮЕҰ ынтымақтастық жасау кездерінде пайдалы болады.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика