Адами капитал

«Даму»: Астаналық кәсіпкерлер қаржылық емес құралдарды белсенді пайдаланады

Астаналық кәсіпкерлер қаржылық емес құралдарды белсенді қолданады. «ШОБ топ-менеджментке оқыту» жобасы бойынша 168 кәсіпкер оқытылды. «Іскерлік байланыс» жобасымен 442, 75 кәсіпкер тағылымдамадан өтті. Бұл туралы Астана қаласы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиал директоры Исламбек Қайырбеков Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы29 Наурыз , 14:32

«2015 жылы Астана КҚКО «Болашақ» Ассоциациясымен бірлесіп, «Startup «Bolashak» байқау стартап-жобаларын сәтті жүзеге асырды. Бұл жас кәсіпкерлерді оқытуға қолдау көрсету жобалары. Байқау қорытындысы бойынша, Астана қаласынан қатысқан екі  азамат өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін тегін грантар жеңіп алды. Олар Әділет Елеусов – 10 млн. теңге, Аманжол Балгазаров 2 млн. теңге. Аталмыш байқауға қатысуға еліміздің барлық аймағынан 2000 тапсырыс түскен. Байқау финалында тек 10 бизнес-идея қатыстырылды. Сонымен қатар, 5 қатысушға грант тапсырылды», -деді И.Қайырбеков.

Филиал директорының айтуынша, «БЖК - 2020» ББ-ға қатысу арқылы кәсіпкерлерге қаржылай немесе қаржылай емес қолдаулар көрсетіледі. Бағдарлама аясында білім алып, шетелдегі баламысыз кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуге болады.

Сонымен қатар, тәжірибесі мол шетелдік сарапшыларды шақыртып, халықаралық нарықпен, заманауи қондырғылармен жұмыс істеуді үйретіп, тәжірибелерімен бөлісетіндей мүмкіндік жасалады.

«Астаналық кәсіпкерлер қаржылық емес құралдарды белсенді пайдаланады. «ШОБ топ-менеджментке оқыту» жобасы бойынша 168 кәсіпкер оқытылды. «Іскерлік байланыс» жобасымен 442, 75 кәсіпкер тағылымдамадан өтті», - деп толықтырды сөзін И.Қайырбеков

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика