Адами капитал

Жыл басынан бері 100-ге жуық қазақстандық әскери есепке қабылданды

Қазақстанда тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдері арқылы жергілікті атқару органдары орындаған 1999 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Наурыз, 12:09

2016 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында Қазақстан бойынша шақыру учаскелеріне 1999 жылы туылған 100-ге жуық азамат тіркелді. Тіркеу бозбалаларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білім деңгейін, алған мамандығын және дене даярлығын айқындау үшін өткізіледі. 

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарының шәкірттеріне, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге 2 000-дай адам ниет білдіріп отыр. Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша медициналық комиссиялар құрылғанын айта кетейік. Сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу процесінде ем алуға (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындап, емдеу-алдын алу ұйымдарына, денсаулық жағдайы және өзге де мәліметтер бойынша жарамдыларды Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына және оқуға түсуге ниет білдіргендерді әскери оқу орындарына тіркеді.

Әскери есепке алғаш рет тұрған қазақстандықтармен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша жұмыс жүргізілді.  Келесі кезең ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда бастау алатын шақыру науқаны болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.
 





Яндекс.Метрика