Басқару

И.Қайырбеков: Бір жарым айдың ішінде Астанадағы КҚО-да 800 клиентке қызмет көрсетілді

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2015 жылы 4 894 клиентке 6 144 қызмет көрсеткен. 2016 жылдың басында, 15 ақпандағы жағдай бойынша 814 клиентке 958 қызмет көрсетілген, деп хабарлады «Даму» Қоры аймақтық филиалының директоры Исламбек Қайырбеков Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы29 Наурыз , 11:53

« «БЖК - 2020» Бірлескен Бағдарламасы бойынша қаржылық емес жобаларды жүзеге асыру мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметінің Астанадағы «Даму» Қоры қорытындысы: «Даму» Қорының қаржылай емес қолдау көрсететін орталықтарының бірі – бұл Кәсміпкерлерге қызмет көрсету орталығы.  Орталық кәсібін жаңадан бастаушылар мен кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге «Бір терезе» қағидаты бойынша шағын және орта бизнесті ашу мен оны жүргізу жөнінде көмектесіп, қызмет көрсетеді. КҚКО Астанада 2013 жылдың 31 желтоқсанында ашылған болатын»,-деді И.Қайырбеков.

Осылайша, 2015 жылы 4 894 клиентке 6 144 қызмет көрсеткен. 2016 жылдың басында, 15 ақпандағы жағдай бойынша 814 клиентке 958 қызмет көрсетілген. 2015 жылы 201 адам орталықтың қызметіне жүгінген. 2016 жылы 22 адамға қызмет көрсеткен.

И.Қайырбековтың айтуынша, Астанадағы КҚКО-нан қызметтің бірқатар түрлерінен тегін кеңес алуға болады: мемлекеттік қолдау түрлерінен, бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша, жобаны жүргізуде заңгерлік мәселелер бойынша, маркетинг және бизнес-жоспарды өңдеу, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі туралы кеңестер алуға мүмкіндік бар.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика