Халықаралық интеграция

Қ,Мәми: Қазақстан Сингапурмен сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Наурыз , 11:03

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту секілді салалардың кең ауқымын қамтитындығы аталып өтілді.

 «Сингапур сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануда көшбасшы ел болып табылады. Осыған байланысты біз сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша сіздердің тәжірибелеріңізбен алмасуға мүдделіміз. Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде біздің делегацияның Сингапурға іссапары пысықталуда», - деді Қ.Мәми.

Кездесу аясында сұхбаттасушылар екі елдің сот жүйесін дамыту туралы өзекті ақпаратпен алмасты. Қ.Мәми Елшіні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау барысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлардың қатысуымен инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқаның, Халықаралық кеңестің құрылуы, сот жұмысында ақпараттық технологияны қолдану аясын кеңейту және т.б. мәселелер.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы бірлескен іс-қимылды кеңейтуге мүдделік танытты.

 




Яндекс.Метрика