Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Алматыда дәнекерлеу мамандығын оқыту бойынша ресурстық орталық ашылды

Алматыда дәнекеолеу мамандығы бойынша дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру бойынша Аймақтық ресурстық орталық ашылды, деп «Атамекен» ҰҚП баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы қаласы29 Наурыз , 10:42

Білікті дәнекерлеушілерді оқыту Алматы Құрылыс-техникалық колледж базасында өтеді. Жоба Оқыту орталығына жүгінген студенттерге, салалық мамандарға, қысқа мерзімді қайта дайындаудың тындармандарына  және біліктілікті арттыру және басқа да азаматтарға арналған.

«Қазақстанның еңбек нарығының нәтижесі көрсеткендей, жұмыстағы кадрлық мамандар қажеттілігі 62% -ға жетті. Оқып жатқан контингенттер 90-шы жылдан бері екі есеге қысқарды. Осыған орай, Алматы қ. кәсіпкерлер палатасының қолдауымен, Алматы қ. әкімдігінің білім беру бөлімі, «Спецвент» ЖШС және «Белкамит» ЖШС және ҚР БҒМ-ның «Техникалық және кәсіптік білімнің модернизациясы» бағдарламасы аясында кадрларды дайындау бойынша Ресурстық орталық құру шешімі қабылданды»,-деп хабарландыруда айтылған.

Жобасны іске асыру барысында Алматының құрылыс-техникалық колледжінің басшылығымен жаңа жабдықтар сатылып алынды.

Айта кетейік, «ТжКБ жаңғырту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банк жобаның 2 кезеңі бойынша  2013 жылы  55 845 000 теңге бөлді, жобаның 3 кезеңі бойынша 2015 жылы – 39 089 500 теңге. Жобаның 2 кезеңі бойынша Алматы қаласы әкімдігінің бірлесіп қаржыландыру көлемі 2013 жылы  16 871 000 теңгені құрады, 2015 жылы жобаның 3 кезеңі бойынша – 11 700 000 теңге болды.

Әлеуметтік әріптестіктің тиімді моделінің арқасында, көп каналды қаржыландырудың жүйесі және білім беру саласындағы басқару Бизнесінің қатысуы, жоба ұйымдастырушыларының ойынша, сала бойынша ахуалдарды толықтырады. 




Яндекс.Метрика