Инвестициялар

БЖК-2020: Астана кәсіпкерлерін қолдауға 102 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы жылдың 28-ші наурызындағы жағдай бойынша Астанада құны 102,1 млрд. теңге болатын 479 кәсіпкерлер жобасы мақұлданды. Бұл туралы «Даму» Қорының аймақтық филиал директоры Исламбек Қайырбеков Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Нұр-Сұлтан29 Наурыз , 10:24

««Даму» Қоры 5 жылдан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының қаржылық агенттігі ретінде қызмет атқарып келеді. Осындай қолдаудың бір бағыты Астанада кәсіпті жаңа бастаушылар мен кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге пайыздық ставкасы 16%-дан аспайтын несие субсидияланады. Экономиканың басым секторына үлес қоса алатындай жобасын Астанада жүзеге асыратын кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы 7%-қ субсидиямен несие алу мүмкіндігіне ие болады»,-деді  И.Қайырбеков.

Филиал директорының айтуынша, кәсіпкердің жобасы шағын және моноқалаларда немесе ауылда іске асатындай болса, субсидия ставкасы 10%-ды құрайтын болады.

«Сонымен қатар, кәсіпкердің банкке қоятын мүліктік кепілдемесі жетпейтін болса, «Даму» Қорының кепілдігін қолдана алады. Жас және кәсіпті жаңа бастаушы кәсіпкерлер үшін «Даму» Қоры несие сомасының 85%-на кепілдік беруге дайын. Бұл жағдайда алынатын несие 20 млн. теңгеден аспауы керек. Ал, кәсібін бұрынна жүргізіп келе жатқан кәсіпкерлер үшін несие сомасының 50%-на кепілдік беріледі. Бұл ора      йда несие көлемі 360 млн. теңгеден аспауы қажет», деп түсіндірді И.Қайырбеков.

«Даму» Қорының мәліметінше, осы жылдың 28-ші наурызындағы жағдай бойынша Астанада құны 102,1 млрд. теңге болатын 479 кәсіпкерлер жобасы мақұлданған.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика