Инвестициялар

ШҚО әкімдігі мен ЕҚДБ 7,7 млрд. теңгені құрайтын келісімге қол қойылды

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов және ЕҚДБ-ның Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман жалпы құны 7,7 млрд. теңгені құрайтын екі жобаны қаржыландыруға қатысты келісімге қол қойды. Ол «Өскемен қаласындағы көше жарықтандыру жүйесін ауыстыру», жоба құны 4,9 млрд. теңге және «Семей қаласындағы көше жарықтандыру жүйесін ауыстыру», жоба құны 2,8 млрд. теңге, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан 29 Наурыз, 10:06

Бүгінгі таңда Өскемен мен Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйесі энергия қуатын пайдалану жағынан тиімсіз және ескірген. Көшелерді жарықтандыру бойынша бюджеттік бағдарламалар қалалық бюджет шығынының басым бөлігін құрайды.

Осыған байланысты облыс әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында көше жарықтандыру құралдарын модернизациялау басталды. Көшелерді жарықтандыруға арналған бюджеттік бағдарламалар, қалалық бюджеттердің негізгі шығындарының бірін құрайды. Осыған орай, облыс әкімдігі Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен бірлесіп,

 Көшелерді жарықтандырудың кешендік жаңаруын, соның ішінде жарықтандыру құралдарының шамдарын, тіреуіштерін, автомматты басқару жүйесін енгізу. Аталған жобаларды іске асыру арқылы жарықтандыруға кететін шығынды 60 пайызға, яғни жылына Өскемен қаласы бойынша 40,7 млн. теңгеге, ал Семей қаласы бойынша 30,8 млн. теңгеге азайтуға мүмкіндік береді.

«Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін барлық жағдай жасалуда, тиісті келісімдерге қол қойылды. Біз қолда бар мүмкіндіктерімізді пайдаланудамыз және 22 миллиард – бұл тек қана бастамасы ғана. Аталған сомманы бірнеше есеге көбейту үшін, бізде жобалар саны жетіп артылады. Олардың барлығы инфрақұрылымды дамытумен байланысты. Ондаған жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді шешу қажет. Бұл Бұхтырма арқылы өтетін көпір өткелі. Сол арқылы Шығыс Қазақстанның еліміз үшін полиметалл түріндегі геологиялық потенциалы жоғары бөлігін дамытуға мүмкіндік береді. Жақын уақытта бұл инфрақұрылым басталатынына менің сенімім зор»,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2015 жылдың желтоқсан айының 24-де 11 млрд.теңгені құрайтын Семей қаласындағы жобалар бойынша несиелік келісімдерге қол қойылған болатын. Олар 2,6 млрд.теңгені құрайтын «Семей қаласындағы сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерін модернизациялау» және  8,4 млрд.теңгені құрайтын  «Семей қаласындағы жылумен қамтамасыз ету жүйесін модернизациялау» жобалары.

 

 





Яндекс.Метрика