EXPO-2017

Польша ЭКСПО-2017 ұлттық секциясының комиссарын тағайындады

Польша Республикасы Үкіметінің шешімімен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұлттық секциясының комиссары тағайындалды. Оның тағайындалуы туралы жарлыққа Польша премьерінің орынбасары, Польшаны дамыту министрі Матеуш Моравецки қол қойды.
Әлемде 28 Наурыз, 19:07

Жаңа тағайындалған ұлттық комиссар Анджей Стефаньски Қазақстанның елшісі Ерік Өтембаевпен өткен кездесуінде «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу бойынша дайындық шараларының барысымен және мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму аясындағы инновациялық ортаның дамуымен таныстырылды. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат туристік индустрияның даму бойынша іске асып келетін жобалар жайлы баяндады.

«Алдағы жылдары Қазақстан туризмнің ірі экономикаларына айналу ықтималдығы жоғары, - деді Е. Өтембаев, – сонымен бірге, қазақстандықтардың дәстүрлі қонақжайлығы мен мейірімділігі, табиғаты, тарихы мен мәдениетінің байлығы және этникалық сан алуандылығы оған оңтайлы ықпал етеді».

Өз кезегінде А. Стефаньский Польша алдағы көрмеде жаңармалы энергетика қорлары саласындағы инновациялық шешімдерін лайықты көрсете алатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың одан әрі нығаюына сенім білдірді.

Польша тарапы «жаңа энергетика» саласындағы өз табыстарын көрсету бойынша тұжырымдамасын дайындауды жеделдетуді әрі жуық арада барлық ұйымдастырушылық іс-шараларды аяқтауды мақсат тұтып отыр. Сарагоса, Шанхай және Миланда өткен соңғы көрмелерде Польшаның павильондары өз бірегейлігімен ерекшеленіп, көрермендер арасында үлкен табысқа ие болды.





Яндекс.Метрика