Инвестициялар

Швейцария компаниясы Қазақстанға 150 млн долларға дейін инвестиция жасауды жоспарлауда

Жақын арада швейцариялық инвест топ Қазақстанға 150 млн долларға дейін инвестиция жасауды жоспарлап отыр, компания 50 млн-нан бастайды, содан кейін инвестиция сомасын 150 млн долларға дейін өсіреді. Бұл туралы «Signet» инвестиция тобының төрағасы Дмитрий Ивенко Астанадағы Дипломатиялық Бизнес клубының отырысының алдында айтты.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 18:49

«Біз қор нарығында жұмыс істейміз, активтерді басқарамыз және қазақстандық қор нарығына кіруді мүмкіндігінше қарастырамыз. Мен осы жерде кездескен адамдарға таң қалдым. Олар жас білімді адамдар және үлкен компанияларды басқарады және менің ойымша, біздің басшылық дұрыс тәсіл қолданған, яғни жас буындарды білім алуға шақырады, содан кейін оқуларын бітіргеннен кейін экономиканы басқаруға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Д.Ивенконың айтуынша, инвест топ қазақстандық компаниялармен бірге қызмет жасамақшы.

«Біз басқарушылық активтермен активтенеміз және осы салада қарым-қатынасымызды дамытқымыз келеді. Біз қазақстанға жиі келуді жоспарлаудамыз, бізде серіктестеріміз пайда болды, сол себепті алдағы жылы маңызды жұмыстарды бастаймыз. Бізде Қазақстанда инвсетиция жұмыстарын жүргізу тәжірибеміз бар, ол 2011 жылы болды, содан кейін біраз демалдық, ал қазір біз қайта оралғымыз келеді, көбінесе басқарушылықта ақшаны ғана тартпай, сонымен қатар ТМД  нарық қорларын инвестициялағымыз келеді»,-деді ол.

Д.Ивенконың айтуынша, бұрындары қор ТМД-да 150 млн доллар шамасында инвестициялады, оның көбісі, нақты айтқанда 25 пайызы Қазақстанға инвестицияланды.

«Қазіргі кезде жалпы 500 млн доллар қаржыны пайдаланамыз, бірақ ол ТМД-ға инвестицияланбайды, сол себепті біз шамамен 50 млн доллардан бастаймыз, содан кейін 150 млн долларға дейін көтереміз. Қазқстан мен ресей  - бұл екі ел бізге қызығушылық танытады, дегенмен олардың нарықтары аса үлкен болмағанменмен оны дамыту керек, бұл жерде жұмыс істеу үшін көптеген мүмкіндіктер туындайды»,-деді ол.

Сонынмен қатар, инвест тобының өкілі нарық капиталының дамуына «Астана» Халықаралық қаржы орталығының маңыздылығын  айтып өтті.

«Менің ойымша, халықаралық қаржы орталығының құрылуы – бұл дұрыс бастама, біз заңнамаларды оқыдық, менің ойымша, халықаралық қаржы орталығы арқылы нарықтың кәсіби қызметкерлерін жұмылдыру Қазақстанның капиталына үлкен серпін береді. Жақсы инвестиция оны Дубай және Сингапур типті қылдырады, яғни бұл, барлық дамып жатқан мемлекеттердің жолы, бұл дұрыс жасалған инвестиция, нарық капиталының көз қарасы бойынша – бұл Қазақстандағы негізгі жоба»,-деді Д.Ивенко.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика