Ұлттың денсаулығы

Универсиадаға тұрғызылатын инфрақұрылым тұрғындарға қолжетімді болады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 3000 орындық Мұз аренасы мен 12000 орындық Мұз айдының құрылысымен танысты. Сондай-ақ, 5000 орындық Атлетикалық ауылдың жұмысын тамашалады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы28 Наурыз , 19:26

Мегаполис басшысы жарысқа дайындық нысандарымен танысты.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, Универсиаданы өткізу Қазақстан үшін имиджді жоба әрі үлкен эконмикалық әрі әлеуметтік тиімділік әкеледі. Қазірден бастап жарыстар аяқталған соң салынған нысандарды қалай пайдалану керектігін ойластырған жөн. Бұл ретте бюджетке түсетін күш барынша аз, ал спорт нысандарының барлығы тұрғындар үшін қолжетімді болғаны қажет. Универсиаданы өткізу қаланың дамуына жаңа серпіліс беріп, оның архитектуралық келбетін айшықтандырады,, қонақүйлердегі, мейрамханалардағы, қоғамдық көлік пен спорт нысандарындағы сервис деңгейін жаңа сапаға көтереді. Мұның барлығы кіші және орта бизнесті ынталандырып, қызмет көрсету көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға кең жол ашады», – деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, жоғарыда аталған құрылыс нысандарындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүруде. Оларды пайдалануға беру 2016 жылдың тамыз айының соңына жоспарланған. Бүгінгі күні әр обьектідегі жұмыс 70% - 80% -ға орындалған. Шара барысында Универсиада-2017 аяқталған соң барлық спорт нысандарының толық әрі белсенді түрде жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Мысалы, Атлеттер ауылының барлық нысандары мен 12 000 орынды Мұз сарайы Универсиада аяқталған күннің ертесінде-ақ халық игілігіне қызмет етеді. Мысалы, Атлеттер ауылының «пирамидасына» аудандық ХҚКО орналасады. Спорт және туризм басқармасы жарыстар өткеннен соң бірнеше сағат ішінде бөлмелер қайта жарақтандырылатынын жеткізді.

«Біз бүгін құрылыс қарқынына алаңдамамаймыз.Басшылықты Универсиада аяқталған соң салынған инфрақұрылымдар мен Атлеттер ауылын тиімді пайдалану мәселесі толғандырады. Универсиада барысында және жарыстар аяқталған соң қандай істердің іске асатындығын жария еттік. Универсиада аяқталғаннан кейінгі Олимпиадаға дайындық Орталығының FISU офисін трансформациялауды көрсеттік. Қазірдің өзінде қала спортына өте қажет сауда орталықтары, асхана, SPA, күрес және хореграфия залдары орналасатын алаңдарды көрсеттік. Яғни, қаланың Алатау ауданында болашақта жаңа спорт орталығы пайда болады», - деп атап өтті Алматының Спорт және туризм басқармасының бастығы Наиль Нуров.

Н.Нуров 12000 орынды Мұз аренасының ерекше спорт нысанына айналатындығын, мұнда спорт, мәдени және басқа да шаралардың өтетіндігін жеткізді. Атап өтерлік жайт, 12000 орынды стадионда «Қайрат» мини- футбол командасы спортшыларының, волейбол командаларының (еркектер мен әйелдер), Қазақстан кубогінің жеңімпаздары- баскетболистердің ойын өткізетіндіктері жөнінде шешім қабылданған.

Cонымен қатар, Алатау ауданында жарыстар өткен соң жаңа футбол мен жеңіл атлетикалық стадион салынады. Атлеттер ауылындағы «пирамидада» Универсиаданың бас аккредитациялау орталығы мен негізі ас блогы орналасады. Нәтижесінде 5 мың спортшы асханадан тәулік бойына дәм тататын болады. Универсиад а аяқталған соң мұнда түрлі салтанатты шаралар, конференци ялар өтеді.

Студенттік жарыстардың қорытындысы бойынша Олимпи ада ауылы екі бөлікке бөлінеді. Нысандардың бір бөлігі қалалықтар үшін коммуналды шаруашылыққа өтеді. Тұрғын кешендері болашақта «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында1,2,3 бөлмелі пәтерлер ретінде берілетін болады.




Яндекс.Метрика