Инвестициялар

Ақтөбе облысында қозғалтқыш майын өңдеу жобасы іске қосылады

Ақтөбе облысында қозғалтқыш майын өңдеу жобасы іске қосылады, деді «Инвесторлар альянсы» АҰ президенті Азаматхан Әміртаев Астанада өткен Дипломатиялық бизнес-клуб отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 18:12

«Біздің инвесторлар альянсы Дипломатиялық бизнес-клуб отырысына қатысты, серіктестерімізді шақырдық: «Signet»   швейцариялық компания, ресейлік инвесторлар», - деді ол.

А.Әміртаевтың айтуынша, Ақтөбе ауданы бизнесті дамытуға көшуде.

 «Біз автомобиль жолдары құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қоршаған орта бойынша ірі жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырмыз және жоғарыда аталған халықаралық қаржы құрылымдарын, сонымен бірге Еуразиялық Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясын бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз», - деді А.Әміртаев.

Соңғы 5 жылда Ақтөбе облысының негізгі капиталына 12,6 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды, оның 36% немесе 4,7 млрд. АҚШ доллары тікелей шетел инвестицияларының үлесіне тиесілі. Бес жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы шетел инвестицияларын тарту жағынан республикада 2-ші орында тұр. Әлемнің 100-ден астам мемлекетімен сауда қатынастары орнатылды. Жалпы сыртқы сауда көлемі 3,7 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 84% ақтөбелік тауарлар мен қызмет түрлері экспортының үлесінде. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика