Ұлт жоспары 100 нақты қадам

М.Қоғамов: Қоғамдық кеңестердің міндеті – мемқызметке ұсыныстарды жеткізу

Құрылған Қоғамдық кеңес жөніндегі барлық ақпаратты ведомстволық веб-порталда орналастырылған, деді ОКҚ-да ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 16:51

«Айына екі рет Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңеске ведомстволық сайт  немесе «электрондық үкімет порталы» арқылы жүгіне алады. Сонымен қатар ІІМ-нің орталық ғимаратының фойесіне жүгінулер үшін жеке пошта жәшігі орнатылған, олар Қоғамдық кеңестің қарауы үшін тікелей берілетін болады», - деді М.Қоғамов.

««Ішкі істер органдары туралы» Заңға сәйкес барлық өңірлік ІІД-де бірінші басшылардың бұйрықтарымен консультативтік-кеңесші органдар құрылды, оларға да әдеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты азаматтардың арыздарын қарау жөніндегі өкілеттік берілген», - деді М.Қоғамов.

Бірінші отырыстар өткізілді, оларда төрағалар сайланды және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Қазір азаматтарға қол жетімді орындарда Консульттативтік-кеңесші органдардың мекенжайына түсетін арыздар үшін жеке пошта жәшіктері орнатылуда. ІІД-нің веб-сайттарында осы кеңесші органдардың қызметі туралы қосымша бөлім орналастырылған.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика