Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Алматы ХҚКО-да «бір терезе» қағидаты аясында инвесторлар 334 қызмет түрін ала алады

Алматының инвесторлары үшін Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы ХҚКО-да «бір терезе» механизмі қолжетімді болды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Алматы қаласы29 Наурыз , 08:39

Отандық және шетелдік инвесторлар барлығы 344 қызмет түрін пайдалана алады. Олардың қатарында салық төлеушінің тіркелуі, тауар белгісін тіркеу, патент беру және басқада қызмет түрлері бар. Әрбір үш ХҚКО-да 3 оператордан жұмыс істейді.

Алматы ХҚКО филиалы директорының орынбасары Жамал Баймұхамбетованың айтуынша, «бір терезе» механизмі инвесторлардың мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынас жасауын шектейді, инвесторларға бюрокарттық және әкімшілік кедергілерді қысқартады.  

2016-шы жылдың басынан бері ХҚКО-да 22 инвесторға консультативтік қызметтер көрсетілген.

Бүгінгі таңда Алматыда  585 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған 187,5 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар. 




Яндекс.Метрика