Инвестициялар

Б.Сапарбаев инвесторларды Ақтөбе облысындағы ірі жобаларды іске асыруға шақырды

Біз атожолдардың құрылысында, инжеренлі-коммуникациялық инфрақұрылым мен қоршаған орта саласы бойынша ірі жобаларды іске асыруда қызығушылық білдіреміз. Бұл туралы аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада өткен Дипломатиялық Бизнес клубының отырысы барысында айтты.
Ақтөбе28 Наурыз , 17:28

«Біз атожолдардың құрылысында, инжеренлі-коммуникациялық инфрақұрылым мен қоршаған орта саласы бойынша ірі жобаларды іске асыруда қызығушылық білдіреміз және ортақтасып іске асыруға жоғарыда көрсетілген халықаралық  қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Еуразиялық даму банкін, Халықаралық Қаржы Корпорациясын шақырамыз»,-деді аймақ басшысы.

Дүниежүзілік банктің қолдауымен, облыс аумағында қазіргі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трапнспорттық дәлізінде Оңтүстік – Батыс автожолы жобасының құрылысы жасалуда, сонынмен қатар «Орталық-Батыс» аймақтық автожол дәлізінің жобасы дайындалуда. Азия даму банкімен (АДБ) бірге және Ислам даму банкімен (ИДБ) 2016 жылы Ақтөбе-атырау-Астрахан атожолдарына қайта жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) тарапынан облыстағы жылу және сумен жабдықтау жобаларына 4,7 млрд теңгеден астам қаржы келісілді.  

Сонымен қатар, БҰҰ Даму бағдарламасының үлесі бойынша облыста  бірнеше жобаларды іске асыру жоспарланған. Олар облыстағы экологиялық проблемаға және «жасыл экономика» принципін енгізуге бағытталған.  

Аймақ басшысының ойынша, Ақтөбе облысының инвесторлық жағымдылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлары болып: ТМД елдерімен нарықтарындағы жақындығы; аваиациялық, темір жолдар, автокөлік магистралі қиылысындағы географиялық орналасуы және еуропалық аймақтармен байланыстыратын Каспий теңізі мен Орта азия аймақтары жатады. Сонымен қатар,өңір минералды ресурстарға бай. Сондай-ақ, аймақтағы табыстың еңбек ресурстарының мәселесі шешілуде.

«Қолайлы географиялық орналасуы – Ақтөбе облысының маңызды басымдылығы, яғни шетелдік инвесторларды өзіне қызықтыратын аспект. ТМД елдерімен нарықтық жақындас болуы арқасында және трансконтинталды дәлізбен, Ақтөбе Оңтүстік, Солтүстік және Батыстың кездесу бекеттері болды. 2000 шақырымдық радиуста 322 миллионнан астам адам тұрады. Қазақстан еуразиялық Экономикалық кеңесте тұр, ал ол жерде 181,6 миллион адам тұрады. ЕАЭО мүшелік болу тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күштерінің еркін  қозғалуына септігін тигізеді. Сонымен қатар Россиямен 12 қалалық-миллиониктердің жақындығын және «Батыс Еуропа – батыс Қытай» көліктік дәлізі арқылы Қытау мен Еуропа нарықтарына қолжетімділігі айтып өткен жөн. Ақтау порты арқылы, біз Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына қол жеткізе аламыз»,-деді Б.Сапарбаев.

Айта кетейік, бизнес-клубтың отырысында ҚР 43 дипломатиялық миссясының басшылары қатысты, сондай-ақ АҚШ, Ресей, қытай, канада, Белгия, Франция, Норвегия, Финляндия, Индонезия, БАЭ және де басқа елдер қатары.

Шара барысында азық-түлік өңдеу, тау-кен, химия өнеркәсібі, металлургия және қонақ үй бизнесі саласында аймақтағы ірі инвестициялық жобаларды ұсынылды. Барлығы 11 жоба болды және оның құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Соынмен бірге, 2016 жылы аймақта 104,7 млрд теңгенің 6 жобасмын іске асыру жоспарланған.  Сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен – цемент, никелді зауыт және қатты қалдықтарды өңдеуге арналған кәсіпорын.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика