Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес ЖОО-лардағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүдделі

ҚазҰЗУ университетінің негізінде ІІМ жүйесінің барлық ЖОО жетекшілерін жинады. ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес ЖОО-лардағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүдделі . Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов ОКҚ-да мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 16:37

«Біз ІІМ басшылығының  сыбайлас жемқорлық бойынша  есеп беруін тыңдадық. Терең шешім қабылдадық. ҚазҰЗУ негізінде  ІІМ жүйесіндегі барлық ЖОО жетекшілерінің басын қостық. Жоғарғы білім беру бағдарламасына қандай өзгеріс енгізіп, өзгерту керектігін қарастырдық. Бұл пәндік семинар болды. Университет базасында білім беру саласындағы жемқорлықтың алдын алу мүмкіндігі бар», - деді М.Қоғамов.

Айта кетейік, Ұлт жоспарының 31 қадамында  полиция жұмысының ашықтығын қоғамдық кеңестер негізінде  өтініштерді қарау арқылы жүзеге асыруға болады.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика