Инвестициялар

Ақтөбе облысы индустриалдық аумақ құру үшін жер телімдерін беруге әзір

Ақтөбе агломерациясы аумағында өнеркәсіп және аграрлық секторда индустриалдық аумақ құру үшін жер телімдері бөлінуі мүмкін. Бұл туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Астанада өткен Дипломатиялық бизнес-клуб отырысы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 16:21

“Агломерация аумағында өнеркәсіп және агромәдениет кешені саласында индустриалды аумақ құру үшін 500 гектарга дейін жер телімдері бөлінуі мүмкін”, - деп мәлім етті өңір басшысы.

Әкімнің пайымынша, Қобда мен Мәртөк аудандарында жер телімдері «агроөнеркәсіптік индустриалды аумақ құруға бір мысал ретінде» қаралуы мүмкін.

“Мәртөк ауданы қолайлы орында орналасқан, бұл жермен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны өтеді. Қобда ауданы да қолайлы орында орналасқан. Екі аудан да картоп, көкөніс, жеміс-жидек, майлы және астық дақылдарын өсіруге қолайлы”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Әкім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикадағы алғашқы урбанистикалық орталықтар болатынын атап өткенін еске салды.

“Бұл бізге жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді және экономикалық дамуда жаңа жетістіктерге қол жеткізуге алғышарт болады”, - деді өңір басшысы.

Ақтөбе қаласы 596,5 мың адам тұратын агломерацияға айналады. Өсім темпіннің көрсеткіштеріне сәйкес, екі жылда халық саны 22 000-ға артты. Жалпы болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы агломерациядағы халық саны 645 мыңға жетеді, ал 2030 жылы бір миллион болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика