Ұлт жоспары 100 нақты қадам

М.Қоғамов: ІІМ жанындағы өтініштерді қарайтын қоғамдық кеңес комиссиясы жұмысқа кірісті

ІІМ жанындағы өтініштерді қарайтын қоғамдық кеңес комиссиясы жұмысқа кірісті, деді ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 16:02

“Қоғамдық кеңесте екі комиссия құрылды.Біріншісі құқықтық творчестволық қызмет мәселелері жөніндегі, ол ІІМ-де әзірленетін азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарайтын болады. Екіншісі ІІМ-де азаматтардың арыздарын қарауға және полиция қызметінің айқындығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі комиссия”, - деді ол.

Құрылған Қоғамдық кеңес жөніндегі барлық ақпаратты ведомстволық веб-порталда орналастырылған (Қоғамдық кеңестің және оны құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы, Ереже, бұйрықтар, Кеңес отырысының хаттамасы, азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру және т.б.).

Айына екі рет Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңеске ведомстволық сайт  немесе «электрондық үкімет порталы» арқылы жүгіне алады. Сонымен қатар ІІМ-нің орталық ғимаратының фойесіне жүгінулер үшін жеке пошта жәшігі орнатылған, олар Қоғамдық кеңестің қарауы үшін тікелей берілетін болады.

«Ішкі істер органдары туралы» Заңға сәйкес барлық өңірлік ІІД-де бірінші басшылардың бұйрықтарымен консультативтік-кеңесші органдар құрылды, оларға да әдеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты азаматтардың арыздарын қарау жөніндегі өкілеттік берілген.

“Бірінші отырыстар өткізілді, оларда төрағалар сайланды және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Қазір азаматтарға қол жетімді орындарда Консульттативтік-кеңесші органдардың мекенжайына түсетін арыздар үшін жеке пошта жәшіктері орнатылуда. ІІД-нің веб-сайттарында осы кеңесші органдардың қызметі туралы қосымша бөлім орналастырылған”, - деді М.Қоғамов.

Өңірлердегі ІІД Консультативтік-кеңесші органдарының жұмыс практикасы ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментімен ай сайын жалпыланатын және талданатын болады.



 




Яндекс.Метрика