Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Ақтөбе облысындағы 500 кәсіпкер әйелге Іскер әйелдер кеңесінің көмегі тиген

2015 жылы Ақтөбе облысындағы 500-ге жуық кәсіпкер әйелге аймақтағы Іскер әйелдер кеңесінің көмегі тиген. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлер палатасында ІӘК қызметінің қорытындысы туралы жиында айтылды.
Ақтөбе29 Наурыз , 08:57

2015 жылдың наурыз айында аймақта Іскер әйелдер кеңесі құрылған болатын. Оның құрамына Ақтөбе облысының 11 жергілікті іскер әйел кірген болатын.

«Атамекен» ҰКП хабарлағандай, Үйлестіру кеңесі бір жылда 12 көшпелі іс-шаралар өткізіп, кәсіпкерлерді қолдау орталығының мықты мамандары 245 кәсіп бастаушы ійелге семинар-тренингтер өткізген. Жұмысын жүргізіп жатқан 52 кәсіпкерге құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсеткен. Тағы 25 азаматтың стартап-жобасы қаржыландырылған. 10 кәсіпкер бизнесін кеңейткен. Бұлардан басқа тағы 10 кәсіпкер әйелдің жер телімдерін алып, рұқсатнама құжаттарына қол жеткізулеріне жәрдемдескен.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аймақтық кәсіпкерлер палатасының әрекет етуімен 2016 жылы бірнаша бағыт бойынша жобалар жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында балалар мен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы «Ак-руно» ЖШС, «Энергетик» балаларды сауықтыру ұйымы, «Дені сау ұрпақ» корпоративті қоры, «Әсем» профилактикалық- санаториясы бар. 




Яндекс.Метрика