Ұлт жоспары 100 нақты қадам

М.Қоғамов: Қоғамдық кеңес Ұлт жоспарының нақты жүзеге асуына септеседі

Менің ойымша, өлім жазасын толық алып тастаған мемлекеттердің шоғырына қосылуға бірнеше қадам ғана қалды, деді ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 15:41

«Қоғамдық кеңес Ұлт жоспарының нақты жүзеге асуына септеседі. Ұлт жоспарында қоғамдық кеңес туралы заң қарастырылған. Аталмыш заң өткен жылы қабылданған болатын. ҚР ІІМ-ң жүйесінде қоғамдық кеңес 2007-ші жылдан бері қызмет атқарып келеді»,-деді М.Қоғамов.

Сондай-ақ ол, қоғамдық кеңестің көптеген түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысқанын атап өтті. Биылдың өзінде М.Қоғамовтың халықаралық, республикалық бірқатар ауқымды шараларға қатысуына тура келген.

«Елімізде 2015 жылдың 1-ші қаңтарында қабылданған прцессуальды заңнамалардың тиімділігін меңгердік. Ірі криминалдық кодекстерді жұмысқа алып, нәтижесінде басты сабағымыз талқылау болды. Жақында Минскке барып келуіме мүмкіндік туды. Онда БҰҰ желісі бойынша өлім жазасы мәселесіне қатысты ұлттық сарапшы ретінде бардым. Ол жерде біздің еліміздегі өлім жазасына қатысты ұстанымдарымыз бен тәжірибелерімізді айтып, ойларыммен бөлістім»,-деп хабарлады М.Қоғамов.

Оның айтуынша, біздің әріптестер үшін өнегелі тәжірибе болған.

«Өздеріңіз білетіндей, 2003 жылдың 17 желтоқсанында елімізде өлім жазасына қатысты мерзімсіз мораторий жарияланған болатын. Менің ойымша, өлім жазасын толық алып тастаған мемлекеттердің шоғырына қосылуға бірнеше қадам ғана қалды», деді ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов.

Еске сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 31-ші қадамында этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияның ашықтығын қамтамасыз ету туралы айтылған. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика