Өңірлер

Қостанай облысының бюджеті 22,6 млрд теңгеге өсті – әкімдік

Қостанай облысында мәслихат сессиясы барысында облыстық бюджетке трансферттер мен бюджеттік несиелердің республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан 22 млрд 604 млнн теңге қаражат көлемінде өсуіне, сонынмен қатар 572 млн теңге көлемінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірқатар жобаларды бірлесе қаржыландыру мәселелеріне нақтылау жұмыстары енгізілді.
Қостанай28 Наурыз , 19:58

Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, негізгі қаражаттар: тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына – 2 млрд 88 млн теңге; жылу жүйелерін қайта құру, сумен жабдықтау және санитарияны несиелеу  бойынша- 3 млрд 741 млн теңге; «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустариалды инфрақұрылымды дамытуға 1 млрд 795 млн теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, Рудный қаласындағы магистральдық газ құбырының құрылысын аяқтауға көзделген қаражат – Качар ауылы – Федоровка ауылына 273,5 млн теңге қаражат көлемінде.

Нысанаға ағымдағы трансферттер қосымша 15 млрд 91 млн теңге бөлінді, аталмыш қаражат келесілерге жұмсалады:

- 843 млн теңгеге дәрі-дәрмек және вакциналар сатып алуға;

- құқықтарын көтермелеу және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін 23 млн теңге қаражат көлемінде;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету үшін 680 млн теңге қаражат көлемінде;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту арқылы жұмыспен қамтуға 1 млдр 562 млн теңге қаражат;  

- 437 млн теңге көлемінде жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша;

- ерекше маңызды топтан ауыз су жеткізу және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінде, 152 млн теңге көлемінде болатын альтернативсіз ауыз сумен жабдықтау көзі болатын;

- экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге 5 млдр 975 млн теңге көлемінде;

- 5 млрд 538 млн теңге көлемінде агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі басшылығымен несиелік  және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.




Яндекс.Метрика