Ұлттың денсаулығы

Конькимен жүгіру көпсайысынан Қазақстан чемпионатында 100-ден астам спортшы бақ сынайды

Бүгін Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конкьмен жүгіру көпсайысынан Қазақстан чемпионаты басталады.Жарысқа Қазақстанның түрлі облыстарынан 108 спортшы қатысады.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 14:49

«Бүгін Астанадағы«Алау» мұз айдыны сарайында басталатын жарысқа еліміздің ең мықты конькимен жүгірушілері қатысады. Оған Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе (Ақтөбе, Хромтау), Шығыс Қазақстан (Өскемен, Семей), Алматы облыстары мен Астана қаласының спортшылары өтініш білдірген. Жарысқа барлығы 108 спортшы қатысады», - деп мәлім етті БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Сұлтан Қуандықов.

Ол чемпионат қорытындысы бойынша келесі маусымға Қазақстан құрамасы жасақталатынын тілге тиек етті.

 




Яндекс.Метрика