Энергетика

Б.Сапарбаев: 2017 жылы Ақтөбе облысы өзін толық электроэнергиямен қамтамасыз ететін болады

2017 жылы Ақтөбе облысы өзін толық электроэнергиямен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дипломатиялық корпустың отырысы алдында журналистерге айтты.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 14:17

«Бүгінгі таңда «Батыс транзит» АҚ-ң жасаған жұмысының арқасында ресейлік энергия тәуелді емеспіз. Біз Қазақстанның батыс аймағымыз. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде құрылған электртарату желісі бойынша өзімізді толық қамтамасыз етеміз. Бұл 500 шақырымға созылып жатқан жобаның құны 22 млрд. теңге. Осы желінің арқасында Қазақстан Ресейдің электрэнергиясына тәуелді емес»,-деп мәлімдеді ол.

Аймақ басшысынгың айтуынша, Ақтөбе облысы әзірге өзін элекроэнергиямен толық қамтамасыз ете алмайды.

«Біз жақында ғана өзіміздің ЖЭО-ға 500 МВт-қ жаңа цех енгіздік. Жаңажол газ өңдеу зауытына шамамен 120 МВт енгізілетін болады. Сол кезде бізде 60 МВт қана электроэнергия тапшылығы болады. 2017-ші жылы басқа да жобаларымызды жүзеге асыру арқылы 100% өзімізді қамтамасыз ететін боламыз»,-деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен ҚР СІМ-ң қолдауымен «Дипломатиялық бизнес клуб» отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасындағы 43 дипломатиялық миссия басшылары қатысты. Олар: АҚШ, РФ, Қытай, Канада, Франция, Бельгия, Норвегия, Финляндия, Индия, Млайзия, Индонезия, Иран және таға басқа да мемлекеттер.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика