Инвестициялар

2016 жылы Ақтөбе облысында 104 млрд теңгенің 6 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

Аталған жобалардан өзге 2016 жылы аймақта жалпы құны 104,7 млрд теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Астанада өткен Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен ҚР СІМ қолдауымен "Дипломатиялық бизнес клуб" отырысында мәлім болды.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 13:48

Жобалардың  ішінде шетел инвестицияларының қатысуымен цемент, никель зауыттары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кәсіпорны бар.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін айырықша шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді. Көлік потенциалы мен минералды-шикізаттың мол қоры, негізгі ресурстар (энергетикалық және еңбек) аймақта тау-кен өндірісі мен химия өнеркәсібі, металлургия мен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.  

Соңғы 5 жылда Ақтөбе облысының негізгі капиталына 12,6 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды, оның 36% немесе 4,7 млрд. АҚШ доллары тікелей шетел инвестицияларының үлесіне тиесілі. Бес жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы шетел инвестицияларын тарту жағынан республикада 2-ші орында тұр. Әлемнің 100-ден астам мемлекетімен сауда қатынастары орнатылды. Жалпы сыртқы сауда көлемі 3,7 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 84% ақтөбелік тауарлар мен қызмет түрлері экспортының үлесінде.

Қазіргі таңда аймақ басшылығы шетелдегі ҚР Елшіліктерімен белсенді қарым-қатынас орнатуды бастап кетті. Жыл басынан бері ҚР СІМ ықпал етуімен ақтөбелік делегация үшін Қытай, Түркия, Иран, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия және Финляндия елдеріне сапарлар ұйымдастырылып, озық іскерлік орта өкілдерімен кездесулер болып өтті.

Сонымен бірге Үндістан, Индонезия, Чехия, Германия, Финляндия, Норвегия және Швеция дипломатиялық миссиялары басшылары мен өкілдіктері Ақтөбе облысына іскерлік сапармен келді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика