Халықаралық интеграция

ОСК басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысына сайлау жұмысына қатысқаны үшін алғыс білдірді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Борис Фрлец мырзамен кездесуі болды, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 13:08

Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы Басшысының орынбасары Полин Мария Лемос, ҚР ОСК мүшелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау және құқық мәселелері жөніндегі мамандары қатысты.

Ортсайлауком басшысы Фрлец мырзаға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі жұмысына, сондай-ақ ұсынған ұсынымдары үшін алғыс білдірді.

«Біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Алдын ала тұжырымдар мен қорытындылар туралы мәлімдемесімен мұқият танысып шықтық. Біз Миссияның сайлауды ұйымдастырушылардың адал жұмысын жоғары бағалағанына қуаныштымыз» - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы өз кезегінде ҚР ОСК тарапынан кездесу ұйымдастырылғанына, сондай-ақ көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ҚР ОСК сарапшыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды.

«ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясымен ынтымақтастық аясындағы оң тәжірибені ескере отырып, біз электораттық науқан жөніндегі өз пікірімізді жеткізу үшін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын екенімізді білдіреміз, біздің пікірімізге құлақ асып, ескеретіндеріңізге сенім білдіреміз» - деп атап өтті Ортсайлауком Басшысы.

Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов «Біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының барлық сарапшыларына жүргізген жұмысы үшін алғысымызды айтамыз және бұдан әрі жемісті ынтымақтастықта болатынымызға сенім білдіреміз» -  деді.

 




Яндекс.Метрика