«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстаннан Қытайдағы Сианға алғашқы өсімдік майы тиелген контейнерлік құрам жөнелтілді

Алғашқы екі мың тонна өсімдік майы тиелген контейнерлік құрам Достық станциясынан (Достық-Алашаңқай халықаралық шекаралық бекеті) Сианға (ҚХР, Шэньси провинциясы) жөнелтілді, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан28 Наурыз , 18:31

Тұңғыш жүк жіберу ҚР мен ҚХР арасындағы көліктік-логистикалық байланысты дамытудың контейнерлік тасымалды өсіру  тұрғысындағы келісімі аясында жасалды. Аталмыш жобаны Ұлттық мультимодальдық оператор KTZ Express пен China Railway International Multimodal Transport Co Ltd (CRIMT) компаниясы жүзеге асырды. ҚХР бас консулының орынбасары Мяо Хунбоның айтуынша, «Нұрлы жол», «Бір белдеу-бір жол»  бағдарламасы аясындағы жобаны жүзеге асыру Ұлы Жібек Жолын жаңғыртуға бастайды.

М. Хунбоның хабарлауынша, қазақстандық өсімдік майы 35 миллионнан астам  адам тұратын Шэньси провинциясына жеткізіледі.

«Жобаның  ерекшелігі сонда, Шэньси провинциясы Жібек жолының бастауында орналасқан. Сондықтан да, Қазақстан мен Шэньси провинциясы арасындағы Ұлы Жібек жолын жаңғыртудың болашағы зор»,-деп атап өтті  дипломат.

«Достық-Алашаңқай арасындағы халықаралық шекаралық өткелдегі серіктестік 25 жылдан бері жалғасып келеді.  Қазіргі заманғы станциялар жақын маңындағы инфрақұрылымы жүк тасымалын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, Астана –Үрімші және Алматы-Үрімші жолаушылар қатынасы да тұрақты жүргізіледі»,-деп атап өтті Достық станциясы директорының орынбасары Жандос Әбдіманапов.   

Оның айтуынша, «қазіргі кезде контейнерлік тасымалды арттыруға зор көңіл бөлініп отыр.  2014 жылдың аталмыш мерзімімен салыстырғанда,  контейнерлік пойыздар саны 173% өсті.  2015 жылы 428 контейнерлік пойыз өткен болса, оның 376-сы Еуропаға жөнелтілді.  Контейнерлік пойыздар Польша, Германия, Түркия, Азербайжан, Испанияға бағытталды».    

Сиань индустриялық «Айцзюй» корпорациясының жетекшісі Дзя Хэи  өсімді майы мен астық және ет өнімдерін арттыру туралы жоспарымен бөлісті.  Сондықтан компания осы мақсатқа 15 млн $ көлемінде инвестиция бөлмек. Бастапқыда Қазақстаннан азық-түлік тиелген 20 контейнерлік пойыз экспортқа шығарылмақ. Таяу болашақта жылжымалы құрам санын жылына 50-ге жеткізу жоспарланып отыр.

 Қытай темір жолының контейнерлік тасымалдаудың халықаралық бөлімінің бастығы Джан Вэннің айтуынша, «Қазақстаннан Сианға қарай контейнерлік пойызды ұйымдастыру – Қытайдан кері қарай жүк тасымалдауға негіз болады».

Ол Қазақстан аумағы арқылы транзиттік контейнерлік тасымалды дамытуға ҚТЖ мен Қытай темір жолы серіктестігінің даму болашағына тоқталды.




Яндекс.Метрика