Инвестициялар

Ақтөбе облысы ҚР дипломатиялық миссия өкілдеріне 11 инвестициялық жобаны таныстырды (ФОТО)

Астана қаласында Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен ҚР СІМ қолдауымен "Дипломатиялық бизнес клуб" отырысы болып өтті.
Нұр-Сұлтан 28 Наурыз, 12:53

Шараға Қазақстан Республикасындағы АҚШ, РФ, Қытай, Канада, Франция, Бельгия, Норвегия, Финляндия, Үндістан, Малайзия, Индонезия, Иран, БАӘ және т.б., барлығы 43 мемлекеттің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты. Кездесу тақырыбы «Ақтөбе: инвестициялар – даму» деп аталды.

Шараға ҚР Сыртқы істер Министрі Ерлан Ідірісов, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, халықаралық қаржы ұйымдары мен ұлттық компаниялардың өкілдіктерінің жетекшілері қатысты.  

Шараны ашу барысында Ерлан Ідірісов ҚР СІМ және ҰКП бастамасымен құрылған «Дипломатиялық бизнес клубының" танымал алаң болғанын атап өтті. Онда қазақстандық тарап неғұрлым тартымды жобалар туралы ақпаратты дипломатиялық корпустың назарына, ал олар өз астаналарына тұрақты түрде жеткзе алады.

Бизнес-клуб алаңында қатысушылар облыстағы тамақ, тау-кен өндіру, металлургия және қонақ үй бизнесі саласындағы ірі инвестициялық жобаларды таныстырды. Барлығы - құны 1,2 млрд АҚШ доллары болатын 11 жоба.

Сонымен бірге Үндістан, Индонезия, Чехия, Германия, Финляндия, Норвегия және Швеция дипломатиялық миссиялары басшылары мен өкілдіктері Ақтөбе облысына іскерлік сапармен келді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика