Өңірлер

Ақтөбедегі ауыл шаруашлық тауарлары жәрмеңкесінде 83 млн. теңгенің өнімі өтті

««Қоныс» спорт сарайында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстары ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды»,-деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы.
Ақтөбе28 Наурыз , 11:42

Атап өту керек, бұл осымен Ақтөбедегі аймақ басшысының бастамасымен өтіп жатқан үшінші жәрмеңке. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының әкімдерімен келіскеннің нәтижесінде ауыл шаруашылық тауарлары жеткізілді. Нәтижесінде жергілікті халық ең қажет деген азық-түлік пен басқа да қажетті дүниелерді арзан бағада сатып алды.

Жәрмеңкеге келушілер жетекші туар өндірушілердің өнімдерімен танысып қана қоймай, сатып алып жатты. Мәселен, кілем және кілем өнімдері, орамалдар, халаттар, костюмдер, жайлы жиһаздар, орындықтар мен үстелдер, матрацтар, керамикалық плиткалар, терезе және есіктер, дәрілік препараттар және тағы басқа да қажетті дүнелер жеткізілген.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жәрмеңкеге барып, оңтүстік аймақтардың тауарлары мен қызмет түрлерін көріп, танысты.

 Жалпы, жәрмеңкеге 175 тонна ауыл шаруашылық тауарлары жеткізілді. Соның ішінде 32 тонна ет, 76 тонна көкөніс өнімдері, 19 тонна жеміс, 9 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 30 мың жұмыртқа және 20 тонна өзге өнім түрлері сатылды. Жалпы жәрмеңке барысында 83,5 миллион теңгенің өнімі саудаланды.




Яндекс.Метрика