Инвестициялар

«Даму» Қоры мен БҚО әкімдігі 1 млн. теңгенің меморандумына қол қойды

«Даму» Қоры мен БҚО әкімдігі 1 млн. теңгенің меморандумына қол қойды, деп хабарлады қордан.
Батыс Қазақстан28 Наурыз , 11:04

Меморандумға сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 500 млн. теңге, «Даму» қоры 500 млн. теңге бөліп, аймақтық шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасын іске асырмақ. Қаржы екінші деңгейлі бан арқылы бөлінетін болады.

Бағдарлама Батыс Қазақстан облысының аудандары үшін салалық шектеу қоймайды. Несиені экономиканың тиімді секторларында жұмыс істейтіндерге, сонымен қатар, елді мекендерге және кәсіпті енді бастаушылар алуы мүмкін.

Қаржы 50 млн. теңгеге дейін беріледі. Жылдық сыйақысы 7,5 %. Несие мерзімі – 84 айға дейін.Кәсіпкерлер кепілге қоятын мүлкі жетпеген жағдайда қордың кепілдік мүмкіндіктьерін пайдалана алады.

«Бұл Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен жасалып отырған алғашқы меморандум. Қор мен әкімдіктің қаржысы шағын да болса кәсіпорын ашуға, жаңа жұмыс ооындарын құруға, аймақтың бюджетін салықпен қамтамасыз етуге сеп болмақ. Мұндай бағдарламалар Астана мен Алматы да сәтті жүзеге асқан болатын»,-деді қор басшысы Қаныш Төлеушин құжатқа қол қою рәсімі кезінде. 




Яндекс.Метрика