Өңірлер

ОҚО-да 10 нысан жекешелендірілді

Оңтүстік Қазақстанда 2014-2015 жылдары сатылуға жататын 14 нысанның ішінде құны 523,7 млн. теңге болатын 10 нысан сатылған, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан28 Наурыз , 11:23

Облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Т.Телғараев баяндады. Оның айтуынша, 2015 жылғы 30 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметімен қайта бекітілген «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қатысу үлесі бар 19 заңды тұлға мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының құрамындағы 5 ұйым, барлығы 24 ұйым бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр.

 




Яндекс.Метрика