Адами капитал

Жамбыл облысының әскери бөлімшелерінде жауынгерлік әзірлік тексерілді (ФОТО)

ҚР ҚК Жоғарғы Басқолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 27 наурыз күні түнгі сағат бірде дабыл соғылып, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл 28 Наурыз, 10:29

Аталған әскери шара барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов 03811 (Құлан ауылы), 91678 (Бауыржан Момышұлы ауылы), 85395 (Тараз қаласы) әскери бөлімдерінің және «Теріс-Ашыбұлақ» полигонының жауынгерлік әзірлігі мен қабілеттілінің деңгейін тексерді.

Бұл бөлімшелер белгіленген уақыт мерзімінде «Теріс-Ашыбұлақ» полигонына жиналып, қойылған міндеттерді орындады. Сондай ақ, жылжымалы басқару пункті, байланыс желісі және басқа да құрылымдар орнатылды.

85395 әскери бөлімінде (Тараз қаласы) тексерістің қорытындысы шығарылып, онда бөлімдердің жинақылығы мен ұтқырлығы және олардың белгіленген ара-қашықтықты жедел еңсеру мүмкіндігі тексерілді.

Кенеттен тексерістің басты мақсаты әскери бөлімдер мен оның құрылымдарының төтенше жағдайлар, лаңкестік әрекеттер қаупі төнгенде және орын алған кездегі үйлесімді әрекетін бағалау, сулы және таулы аумақтағы тапсырмаларды орындау болып табылады. Тек осындай тексеріс шараларының негізінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірудегі және белгіленген аумаққа шоғырланудағы командирлер іс әрекетінің тиімділігін айқындауға болады.

 





Яндекс.Метрика