Халықаралық интеграция

А. Камалдинов Токиода ОАЖД 11-шы отырысына қатысты

Токио қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары және Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілінің қатысуымен «Орталық Азия+Жапония» Диалогы Аға лауазымды тұлғаларының (ОАЖД) 11-шы отырысы өтті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде28 Наурыз , 10:12

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.

«Отырыс аясында Орталық Азия және Жапония делегация басшылары көлік және логистика, сауда және инвестициялар, қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі дамыту салаларындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

А.Камалдинов Жапонияның алдыңғы қатарлы технологиялардың және тәжірибесін жоғарыда айтылған салаларда өзара тиімді жобалардың ілгерілету өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар, ОАЖД АЛТ отырысы қарсанында Қазақстан делегациясының басшысы Жапонияның Үкіметінде, Сыртқы істер министрлігінде және елдің бірқатар экономикалық ұйымдарында екіжақты кездесулер өткізді.

Аталмыш кездесулер шеңберінде Жапония мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша Біріккен үкіметаралық комиссиясының отырысына дайындық мәселелері, 2017-2018 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдау, сондай-ақ, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

«Орталық Азия + Жапония» Диалогы жапон тарапының бастамасымен 2004 жылы құрылып, мүше мемлекеттер арасында саяси диалогты нығайтуға аймақтық ынтымақтастықты дамыту, бизнесті қолдау, мәдени және адами алмасу бағытталған.

Диалог құрылғаннан бастап Сыртқы істер министрлері деңгейінде 5 кездесулер өтті.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика