Басқару

Қ. Асылов: Мемлекеттік этносаясаттың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және жүзеге асыру – біздің ортақ міндетіміз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша селекторлы кеңес болып өтті.
Нұр-Сұлтан26 Наурыз , 16:02

Министрліктің хабарлауынша, кеңеске облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармалары басшылары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік хатшылықтары қатысты. Кеңес барысында ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов Қазақстандағы этносаралық және дінаралық келісімді сақтау және нығайту ісінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдарының ерекше маңызына тоқталып кетті.

ҚР МСМ Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының  басшысы Ғалым Арғынғазин этносаралық саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Оның ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы», «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы», «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және басқа да нормативтік құқықтық актілер әзірлеген болатын.

Кеңеске қатысқан жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне мемлекеттік этносаясаттың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру және жүзеге асыруға қатысты сауалдарына толыққанды ақпарат алды.

«Заңнаманы одан әрі жетілдіру мен іске асыру арқылы тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, «Мәңгілік Ел»жалпыұлттық патриоттық идеясын қоғамдық санада бекіту қажет», - деген пікірімен бөліскен Қуаныш Асылов бірлескен жұмыс жасауға шақырды.




Яндекс.Метрика