Ұлттың денсаулығы

ОҚО-да жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты басталды,деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область26 Наурыз , 15:34

ОҚО облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалдының қатысуымен көркем гимнастика мектебінде Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Еліміздің 13 облысынан келген барша палуандарға облыс әкімінің бірінші орынбасары сәттілік тілеп, Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын мықты спортшы болатынына сенім білдірді.

Үш күн бойына жалғасатын жекпе-жекте 9 түрлі салмақ дәрежесінде 250 спортшы қатысып, 15 құрама топ сынға түсіп, мықтыларды анықтайтын болады. Олардың ішінде өңірімізден 45 спортшы бағын сынауда.

Аталған дүбірлі доданы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің қолдауымен «Жекпе-жек сайыстан бүкілқазақстандық қауымдастығы» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті ұйымдастырып отыр.

Чемпионаттың нәтижесінде іріктеуден сүрінбей өтіп, ең үздік деп танылған жеңімпаз спортшылардан Қазақстан Республикасы жекпе-жек сайысының ұлттық құрама командасы жасақталатын болады.

 Айта кетейік, жарысқа самбо күресінен Әлемнің үш дүркін чемпионы Арман Оспанов жарақатына байланысты қатыспайды. Деседе, оңтүстік құрамасы командалық есепте бірінші орыннан көрінуді жоспарлап отыр. Чемпионат наурыздың 27-іне дейін жалғасады.




Яндекс.Метрика