Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін нақты 208 кәсіпорын жұмыс істейді

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін нақты 208 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы хабарлады.
Жамбыл26 Наурыз , 14:32

Нұржан Молдиярұлының айтуынша, қазіргі таңда облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін нақты 208 кәсіпорын, шағын зауыттар мен цехтар жұмыс істеуде. Мұнда 4 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтылған. Облыста өндірілген сүт өнімдерін өңдеуде жылдан жылға сүт, ет өнімдерін тереңдете қайта өңдеуде біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айында Жуалы ауданындағы ЖК «Мешелов» күндігіне 25 тонна сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехын, Меркі ауданындағы «Севиль-Меркі» ЖШС- де күндігіне 15 тонна сүт өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда.

2016 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша 20 сүт-тауарлы фермасын құру жоспарланып, аудандарға жоспар-тапсырма жеткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде облыстағы сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.    Сондай-ақ, салаға инвесторлар тарту арқылы ет өнімдері өндірісін көбейту, келешекте етті экспортқа шығаруға қажетті инфрақұрылым толық қалыптастырылуда.Бұл бағытта 2016 жылы Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал ет өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің етті қайта өңдеу кешенін іске қосу сәуір айына жоспарланса, Меркі ауданында «Меркі ет» ЖШС бұрынғы ет комбинатын күрделі жөндеуден өткізіп, күндігіне 10 тоннадан аса ет қабылдауға дайын.

Бұл жобаларды шикізатпен қамтамасыз ету бағытында облыстағы ірі мал бордақылау кешендері төңірегінде дайындау ұйымдары құрылуда.  Осылай толық циклді ет кластері ұйымдастырылып, алдағы уақытта қайта өңделген ет өнімдері экспортқа шығарылатын болады.




Яндекс.Метрика