Адами капитал

«Оңтүстік» Аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімшесінен үздік сержанттар мен командирлер таңдалды

«Оңтүстік» Аймақтық қолбасшылығының 91678 әскери бөлімшесінде «взводтың үздік сержанты» және «Бөлімшенің ұздік командирі» дәрежесіне бөлімше командирлері мен сержанттары арасында байқау ұйымдастырылды.
Казахстан 26 Наурыз, 13:02

Әскери ведомствоның хабарлауынша, байқауға 14 әскери қызметші қатысқан. Байқаудың мақсаты – сержанттар мен командирлердің әскери-кәсібилігіне қатысты дайындық деңгейін анықтау.

Кәсіби дайындықтарын анықтау үшін мынадай пәндерден сұрақтар қойылды: әскери-кәсібилік тесті, өртке қарсы дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, физикалық және сап түзеу дайындықтары, қоян-қолтық ұрыс.

Байқау қорытындысы бойынша «взводтың үздік сержанты» атағын 91678 әскери бөлімшесінің 1-ші взвод аға сержанты Сүндетбай Нұрлыбаев жеңіп алды. Командирлер бөлімі арасында  - 1-ші взвод сержанты Жасұлан Әлімбетов үздік сержант атанды.

Дәл осындай байқаулар Қазақстан Қарулы күштерінде тұрақты түрде өтіп тұрады. Осы байқау арқылы өз ісінің нағыз кәсіби мамандарын анықтауға мүмкінідік болады. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің кәсіби дәрежесінің өсуіне де мүмкіндік туғызады.





Яндекс.Метрика