Өңірлер

Жамбыл облысында 2016 жылдың I-тоқсанында 13,4 мың тонна ет өндірілген

Облыста негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. 2016 жылдың I-тоқсанында 13,4 мың тонна ет өндірілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы хабарлады.
Жамбыл26 Наурыз , 12:36

«Өңірде мал шаруашылығын дамыту саласында да бірқатар ілгерінді жұмыстар атқарылуда. 2016 жылдың  I- тоқсанында МІҚ малы – 325,7 мың басқа жетіп, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда - 8981 басқа (2,8%) артса, жылқы  - 99,3 мың басқа жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда - 3502 басқа, яғни 3,7% артып отыр. Сол сияқты қой мен ешкі саны – 2,5 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,7% артса,  түйе саны - 5,5 мың басты құрап, 4,3% артты. Алайда, құс саны (2015 жылы – 1,0 млн.) 141,9 мың басқа, яғни 13,3% азайған. Құс санының кемуінің басты себебі, облыстағы құстың 80% жуығы жеке қожалықтарда шоғырланғандықтан болып отыр»,-деді басқарма басшысы.   

        Облыста негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. 2016 жылдың I-тоқсанында 13,4 мың тонна ет өндіріліп (2015 жылы – 12,8 мың тонна) 4,5% артса, 30,3 мың тонна сүт өндіріліп (2015 жылы – 29,4 мың тонна), 2,8% артты. Сондай-ақ, 8231 мың  дана жұмыртқа (2015 жылы – 12562,2 мың дана) өндірілгенімен, 34,5% азайған. Еліміздегі ет экспортының әлеуетін көтеру мақсатында қабылданған «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2016 жылы 4400 аналық бас сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге 482 аналық бас сатып алынды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың  I-тоқсанында «Құлан» бағдарламасы арқылы 91,8 млн. теңгеге 352 бас жылқы сатып алынса, «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 133,6 млн. теңгеге 5774 бас асыл тұқымды қой сатып алынды. 




Яндекс.Метрика