Өңірлер

Жамбыл облысында қант қызылшасының егіс алқабын 6 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда

Жамбыл облысында қант қызылшасының егіс алқабын 6 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтағы филиалында өткен брифингте айтты.
Жамбыл26 Наурыз , 11:38

«Биыл қант қызылшасының егістік аумағын 6 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қант қызылшасының тұқымын сатып алу үшін облыстық бюджеттен 220 млн. теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Орталықазиялық қант корпорациясымен жүргізілген келіссөздің нәтижесінде 6 мың гектарға егілетін 9 мың бірлік тұқым алуға мүмкіндік туып отыр.  Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер қант зауытына тұқымның ақысын төлеуде алдағы астықпен есептесетін болады»,-деп атап өтті Н.Нұржігітов.

 Оның айтуынша, бүгінгі таңда аймақта қант қызылшасын егетін 244 бірлік  ауыл шаруашылық техникасы бар. Бұл техникалар жұмысты уақытында жүргізуге жеткіліксіз. Сондықтан, облыс бюджетінен техника сатып алуға 200 млн. теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика