Мәдениетті жаңғырту

ҚР Ұлттық музейінде «Мирас» үйірмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұрпақ+» жобасы аясында Қазақстан тарихын оқып үйрену мақсатында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған экскурсия жүргізуші мүмкіндігіне ие болатын «Мирас» үйірмесі ашылды.
Нұр-Сұлтан 26 Наурыз, 11:09

Музей баспасөз қызметі хабарлағандай, «Мирас» үйірмесінің мақсаты - Қазақстан тарихын зерттеу және экскурсиялық қызметті игеру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылған:

-Қазақстанның мәдениетімен және тарихымен танысу, экскурсиялық қызметтің заманауи білімі мен біліктіктерін меңгеру, тарихи құндылықтарды меңгеруде түрлі міндеттерді жүктеу;

- Қазақстан азаматтарын білімділікке, патриоттыққа тәрбиелеу;

Жобаны іске асыру барысында тарихшылар, археологтар, этнографтар, экскурсия жүргізушілер және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметкерлері  лекция оқып, практикалық сабақтар мен музей залдарында экскурсиялар жүргізеді.





Яндекс.Метрика