Адами капитал

ҚР ҚК Ақмола облыстық гарнизонының әскери бөлімшелерінде сержанттар мен солдаттарды аттестациядан өткізді

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері штабының өкілдері Ақмола облыстық гарнизонының әскери бөлімшелеріндегі сержанттар мен солдаттардың аттестациядан өтуін қадағалады.
Ақмола 26 Наурыз, 10:37

Әскери ведоство хабарлағандай, аттестация барысында Ақмола аймақтық гарнизонының бөлімшелері тексерілген.

Аттестацияның басты мақсаты – әр әскери қызметшінің жан-жақтылығын, кәсібилігі мен жеке сапасын анықтап, өзі атқарып отырған лауазымына сай келе ме, әлде келмей соны білу. Алдағфы уақытта осы лауазымын абыроймен алып жүре алатынына көз жеткізу. Аттестацияның нәтижесі ай сайын ҚР Қарулы күштерінің бас штабына жіберіліп тұрады.

Тексеру барысында психологиялық тест, ұрысқа дайындық, жеке дәреже класы, тікелей бастығының мінездемесі мен мәліметі де есепке алынады.

Қорытындысында сержанттар жоғары лауазым резервіне қойылады және оқуға жолдама беріледі.





Яндекс.Метрика