Өңірлер

2016 жылдың 2 айында Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашлық өнімі 18,8 млрд теңгені құрады

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімінің орынбасарлары, барлық аудан әкімдері, басқарма және департамент басшылары мен аймақтың ірі кәсіпорын басшылары қатысқан мәжіліс өтті. «Ақтөбе Ақпарат» ақпарат орталығының хабарлауынша, жиында Ақтөбе облысының 2016 жылдың екі айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған. Сонымен қатар, көктемгі егіс науқанына дайындық мәселелері де пысықталды.
Ақтөбе 26 Наурыз, 10:04

Ақтөбе облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Рузия Айдашева 2016 жылдың қаңтар және ақпан айларының қорытындысы бойынша аймақта болар-болмас өнеркәсіп өндірісінің төмендегені байқалған, әсіресе құрылыс саласында. Ал, аймақтың ауыл шаруашылық саласында өсім бар. 2 айдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылық тауары 18,8 млрд. теңгені құраған. Өсім ет өнідірісі мен сүт және жұмыртқа өнімдерінің есебінен артып отыр. Жұмыс атқарып жатқан орта және шағын бизнес субъектілерінің саны да артып отыр.

«Экономиканы әртараптандыру мәселесін жедел қолға алу керек. Бюджетті толықтыратын қосымша қаржы көздерін табу қажет. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында әлеуметтік құрылыс нысандарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Бұл біздің аймаққа қаржы көздерін тартудың ең төте әрі тиімді жолы болып қалыптасуы қажет. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту үшін ауылдықтар мемлекеттің қолдау шараларын белсенді түрде игерулері қажет»,-деп атап өтті.

Көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесі бойынша Б.Сапарбаев егін егу жұмыстарын қолайлы мерзімде жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, көктемгі егіс науқанында пайдаланатын қажет дүниелердің сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

Қорытындысында аймақ басшысы жиынға қатысушыларға аймақ экономикасына қолдау болатындай шараларды күшейтуді жүктеді. Яғни, бюджетті толықтыратын қосымша қаржы көздерін табуды жүктеді. 





Яндекс.Метрика