Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев Сингапур Елшісін қабылдады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудинді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан 25 Наурыз, 18:29

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ Сингапур парламенті Төрағасының шақыруы бойынша Сенат Төрағасының алдағы (31 наурыз – 2 сәуір) Сингапурға сапарына әзірлік талқыланды.

Қ.Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Сингапурмен экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ парламентаралық үнқатысуды дамытуға үміт артады. Елшінің айтуынша, Сингапурда Қазақстан Сенаты Төрағасының сапарын және оның жылсайынғы Сингапур форумына қатысуын, Азия құрылығындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша негізгі баяндамасын зор ықыласпен күтуде.

 





Яндекс.Метрика