Адами капитал

«25 Пайдалы іс» аясында Қазақстанда әкелер слеті өтеді

Отырыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 Пайдалы іс» республикалық акциясының іске асырылу барысы талқыланды.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 17:21

Акция әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға, дарынды жетім-балаларды қолдауға, отбасылық-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және т.б. бағытталған.

Сондай-ақ, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің адамгершілік және жыныстық тұрғыда тәрбиелеу, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы ақпараты тыңдалды. Гүлшара Әбдіқалықова отырысқа қатысушылардың назарын өскелең ұрпақтың моральдық-жыныстық тұрғыдағы тәрбиесін күшейту, білім беру ұйымдары мен ата-аналар тарапынан алдын алу жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мәселелеріне аудартты.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова орталық және жергілікті  мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.


 




Яндекс.Метрика