Басқару

ҚР Мемлекеттік хатшысы елдің экономикалық қызметінде әйелдердің қатысу маңыздылығын атап өтті

Қазақстада әйелдер кәсіпкерлігінің серпінді секторының мықты қалыптасқандығын ескере отырып, әйелдер қауымын экономикалық қызметке тарту керек, деп Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия және ҚР Президенті жанындағы отбасылық-демографиялық саясатының кезекті отырысын аша отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдықалықова айтты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 16:28

«Қазақстада әйелдер кәсіпкерлігінің  серпінді секторының мықты  қалыптасқандығын ескере отырып, әйелдер қауымын экономикалық қызметке тарту керек . Сонымен қатар әйелдерді ҚР Президентінің Жолдауын іске асыруда белсендету керек, ҚР Үкіметімен қабылданған сонынмен қатар дағдарысқа қарсы бағдарламаларда»,-деді ол.

Отырысты аша келе Г.Әбдықалықова өткен жылғы шақырылыммен салыстырғанда осы жылғы парламенттік сайлаудың нәтижесінде ҚР Парламент Мәжілісінде әйелдер өкілі өскендігін атап өтті. Жаңа құрамға 29 әйел сайланды, яғни 27,1 пайызды құрайды. Бұл, оның айтуы бойынша, Мемлекет басшысының әйелдердi саяси тұрғыдан жоғарылату туралы тапсырмаларасына сай келеді.

Ұлттық комиссия отырысының күн тәртібіне 4 мәселе қойылды: ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруда әйелдердің қатысуын арттыру жөніндегі шаралар, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлау туралы жоспар, Әйелдер жағдайы жөніндегі БҰҰ комиссиясының 60-шы отырысында  ұлттық комиссияның қатысу қорытындылары туралы.

Кездесу қорытындысы бойынша, Мемлекеттік хатшысы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмаларды қойды.




Яндекс.Метрика