Инновациялар

ОҚО-да ауыл шаруашылығына инновациялық технологиялар ендіріледі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.Есполов бастаған жоғары оқу орны ғалымдарының қатысуымен семинар-жиын өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область25 Наурыз , 19:13

Онда Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды ендіру мәселесі сөз болды. Жиында ғалымдар қатысушыларды суармалы жерлерге инновациялық технологияларды ендіру, ірі қара малдың тұқымын сақтап қалу, қарқынды бауларда алма өсірудің соны технологиясын ендіру және өзге де бағыттар аясында ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

Семинар-жиын соңында әкімдік пен аталған жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді. ҚазҰАУ мен агроөнеркәсіп (АӨК) саласының біріктіріліп, өндіріс пен ғылымда жемісті әрекет етуді мақсат тұтқан меморандум ғылыми жобаларды шаруашылықта ендіру арқылы аграрлық сектордағы өнім көлемінің артып, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды, сол арқылы, облыстың агроөнеркәсіп саласының инновациялық дамуын арттырып, әлеуетін көтеруді көздейді.

Жиыннан соң, университет профессорлары облыстың ауыл шаруашылығының барлық бағыттарымен айналысатын жеті ауданға аттанды. Онда ғалымдар жекелеген тақырыптар аясында көшпелі семинарлар ұйымдастыратын болады.




Яндекс.Метрика